Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев 9 қыркүйек күні «UzLiDeP» съезіне қатысады.
Президент баспасөз хатшысы Шерзод Асадов журналистер үшін Президенттің жұмыс аптасының жоспары туралы брифинг өткізді.
Брифинг басында Шерзод Асадов Мемлекет басшысының өткен аптадағы қызметіне шолу жасап осы аптадағы жұмыс кестесімен қатысатын іс-шаралар туралы мәлімет берді.
Оның айтуынша: Мерекелік күндер аяқталды. Алдағы күндері өтетін шарала көп. Атап айтқанда, бүгін фармацевтика өнеркәсібі мен Ташкент қаласында жүзеге асырылатын жобалардың презентациясы өтеді.
Сондай-ақ, стратегиялық бағыттар бойынша инвестициялық жобалар, «1 миллион бағдарламашы» жобасының іске асырылуы, Президент мектептері мен мамандандырылған мектептердің қызметі туралы презентациялар өткізу жоспарлануда.
Мемлекет басшысының Паралимпиада ойындарының жеңімпаздарымен кездесуі де жоспарланған.
9 қыркүйекте Шавкат Мирзияев «UzLiDeP» партиясының құрылтайына қатысады, деді Шерзод Асадов.