Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Орталық Азия елдері мен Қытай басшыларының саммитіне қатысады
16:36 / 2022-01-24

25 қаңтарда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанының 30 жылдығына арналған «Орталық Азия мемлекеттері – Қытай» онлайн-саммитіне қатысады.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бастамасымен ұйымдастырылған шараның күн тәртібінде Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы 30 жылдық ынтымақтастықтың қорытындысы, көпжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мәселесі мен практикалық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары айқындалады.

Онлайн саммит соңында бірлескен мәлімдеме қабылданады деп жоспарлануда.