Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев: Оқытушыларға 100 пайыздық үстемақы төленеді
12:08 / 2020-12-29

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың «Олий Мажлис» Сенаты мен Заң шығарушы палатасына кезекті Жолдауы барысында Мемлекет басшысы мұғалім мәртебесі мен еңбек ақысын өсіру жөнінде айтып өтті.

Онда Президент 2021 жылы елде мұғалімдер мен педагогтарға үстемеақы төлеу жүйесін жолға қою жайлы айтты. Осыған орай оқытушылар басқа ауданға барып жұмыс істейтін болса 50 пайыз, ал басқа облысқа барып қызмет атқарса оған 100 пайыздық үстемеақы төленетін болады. 

Бұдан бөлек, білім саласында алдағы екі жыл ішінде бірыңғай «электрондық оқыту» жүйесін енгізуге 250 миллиард сум бөлінеді және келесі оқу жылынан бастап бастауыш сыныптарда мемлекеттік білім беру стандартының орнына озық шетелдік тәжірибе негізінде жасақталған балаға артық салмақ түсірмейтін «Ұлттық оқу жоспары» енгізіледі.