Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Олимпиада ойындарына қатысқан спортшылармен кездесті
15:53 / 2021-08-13

Президент Шавкат Мирзияевтің ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан спортшылар, олардың ата-аналары және жаттықтырушыларымен кездесуі өтуде.

Токио-2020 Олимпиадасы өте қиын және күрделі жағдайда өтені бәрімізге белгілі. Жаһандық пандемия, ең алдымен, спортшылар үшін күтпеген физикалық және психикалық проблемалар туғызды.

Осы тұрғыда бұл Олимпиада шынайы батылдық пен табандылықтың сынағы ретінде, бәсекелестік алаңы болды. Қазіргі жағдайға байланысты көптеген жарыстар жанкүйерлердің қатысуынсыз өтті. Тарихта Токио Олимпиадасы бұрын -соңды болмаған жағдайда жалғасты.

- Осындай қиын жағдайда Өзбекстан спортшылары тек жеңіске ұмтылып, батылдық пен ерліктің нағыз үлгісін көрсеткеніне бәріміз куә болдық. Спортшыларымыз дана халқымыздың сүйіспеншілігі мен сенімін, миллиондаған жанкүйерлердің қолдауын әр минут сайын шын жүректен сезіп тұрды және бұл сезім оларға шексіз күш пен қолдау берді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Токиода өткен жарыстарда Отанымыздың намысын лайықты қорғаған Өзбекстанның Олимпиада құрамасының барлық мүшелері мен жаттықтырушыларына шын жүректен алғысымды білдіргім келеді, - деді Шавкат Мирзияев.

Өзбекстандық спортшылар спорттың 17 түрінен 71 Олимпиада жолдамасын жеңіп алуы - ел ұлттық спорты тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.

Тағы бір маңызды аспект - әйелдер арасында спортты дамыту бойынша жүргізіліп жатқан үлкен жұмыстар оң нәтиже беруде. Мұны 28 спортшы қыздың Токио Олимпиадасына жолдама алғаны растайды. Бұл тәуелсіз Өзбекстан тарихындағы рекордтық нәтиже.

- Осыған байланысты, Министрлер Кабинетінің шешімі негізінде Токио Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері болған спортшылар білім алған мектеп пен жоғары оқу орындарында олардың үлгілі жұмыстарын насихаттауға бағытталған көрмелер ұйымдастыру мақсатқа сай болады, - деді Президент.