3 мамырда Президент Шавкат Мирзияев жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына дайындықтың жұмыстарының барысымен танысты.
Жапония астанасы Токиода өтетін байрақты бәсекеге спортшыларды дайындауға қолайлы жағдай жасалып, оларға білікті мамандар шеберлік сабақтарын өтті. Токио-2020 ойындарына Өзбекстан атынан Олимпиадаға 41 және Паралимпиада ойындарына 16 жолдама алған спортшы қатысады.
Бүгінгі презентацияда Олимпиада мен Паралимпиада ойындарына дайындық жағдайы сынға алынып, қанағаттанарлықсыз деп бағаланды. Мамыр-шілде айларында өтетін жарыстарда көбірек жолдама алу үшін спортшылар мен олардың командаларына қолдау көрсету керек екендігі айтылды және спортшыларға дайындықты күшейту, оларды барлық жағынан ынталандыру бойынша тапсырма берілді.
Бұдан бөлек Федерациялар қызметін жақсартып, қызметке тартылған білікті спорт менеджерлерімен бірге олимпиадашылардың физикалық, медициналық және психологиялық жағдайын жақсарту үшін әр спорт түріне жеке бағдарламалар жасау міндеті қойылды.


