Шавкат Мирзияев Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 24 шілдеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат басында Елбасы Мемлекет басшысын туған күнімен шын жүректен құттықтап, Өзбекстан халқына бейбітшілік, гүлдену және өркендеу тіледі.
Тараптар Өзбекстан мен Қазақстан стратегиялық серіктестігі және кең ауқымды ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Онда басым бағыттар бойынша бірлескен жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастыру маңызды екендігі айтылды.