Шавкат Мирзияев Нұр-Сұлтан қаласына барады
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 5 желтоқсанда мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтан қаласына барды.
Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда жоғары мәртебелі мейманның құрметіне құрметті қарауыл сап түзеді.


Мемлекет басшысын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Екі ел басшылары қысқаша әңгімелесті.
Сапардың негізгі шаралары 6 желтоқсанға жоспарланған. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастықты дамыту, мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандыру перспективаларын талқылау, өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасу жоспарланған.
Келіссөздер қорытындысы бойынша 20-дан астам құжатқа қол қойылады деп күтілуде.

