English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Нөкіс қаласындағы зауыттың жұмысымен танысты
21:19 / 2022-02-24

Президент Шавкат Мирзияев Нөкіс қаласындағы пластикалық есік және жақтау жасайтын зауытта болды.

Бұл жобаға «Жаңа базар» махалласынан 4 гектар жер бөлініп, 2 миллион доллардың құрылыс жұмыстары жүргізілді. Заманауи қондырғылар орнатылып, инженерлік-коммуникациялық желілер тартылды. Кәсіпорынның жалпы көлемі 270 мың шаршы метр есік-терезе жақтауларын өндіру қуатына ие. Мұнда 230 адам жұмыспен қамтылған болып, олардың көпшілігі жастар.

Мемлекет басшысы кәсіпорынның жұмыс барысы мен өнімдерін аралап көрді.

Нөкіс қаласына Ташкент қаласы әкімшілігі біріктірілген. Өңірдің драйвері – тамақ және құрылыс материалдары өнеркәсібі, туризм. Осының негізінде Нөкіс қаласын 2022 жылда кешенді әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы әзірленді. Соған байланысты, 1 миллиард 361 миллион сумдық 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл қосымша 3 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Жеке Терек» махалласындағы жаңа тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болды. Мұнда 16 қабатты 5 үй салынады деп жоспарланған. Солардың бірі қазір салынып жатыр.

Бұл кешен жаңа үлгідегі құрылыс құрылымы негізінде қайта құрылады. Сыртқы қабырғалары үш қабатты болып, үйлердің қыста жылы, жазда салқын болуын қамтамасыз етеді. Үйлер заманауи үлгіде жабдықталып, пайдалануға дайын түрде табысталады.