Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Наманган облысындағы жеміс-көкөніс кластерінің жұмысымен танысты
16:28 / 2020-06-26

Мұнда 1 мың 885 гектарлы алқапқа жеміс-көкөніс кешені құрылып, биыл 100 гектарлы орынға өрік, 70 гр жерге алша және 12 гр аумаққа жүзім егілген


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің Наманган облысына жасаған сапарын «Поп» ауданындағы жеміс-көкөніс кластерінің жұмысымен танысудан бастады, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Мұнда 1 мың 885 гектарлы алқапқа жеміс-көкөніс кешені құрылып, биыл 100 гектарлы орынға өрік, 70 гр жерге алша және 12 гр аумаққа жүзім егілді. Испаниядан әкелінген «Magador», «Maryblon 29c» және «Flopria» өрік көшеттері екі айлық нышанадан жақсы нәтиже көрсетті. Осынау бақтағы көшеттер келесі жылы толықтай жеміс беретін болып, әр гектардан 70 тоннаға дейін жеміс алу яғни әр гектардан 50 000 долларлық жеміс экспорттауға болатындығын білдіреді.

Кластер иелері бірғана мұнымен шектеліп қалмай, бақшадағы егілен көшет арасына қауын-қарбыз отырғызып, қазірде олар пісіп жетіліп Ресей мен басқа ел нарығына экспортталуда.

Мұндағы кластерлі аймақ толықтай автоматтандырылған болып, 180 метр тереңдіктен су шығатын 4 құдық бар, олар шөлдеген жерге суды автоматты түрде жібереді, яғни, көп жұмыс адами факторсыз компьютермен басқарылады. Бұл жоба екі кезеңді құрайтын болып, қазірде оның алғашқы кезеңі 2020/21 жылдарға жоспарланған 1 мың 455 гектарлы алқап игерілетін болған.

Жоба толық іске қосылған кезде мұнда жаңадан 350 жұмыс орны пайда болып, жылына 10 млн долларлық жеміс-жидек пен көкөніс экспорттау мүмкіндігі болады.

Мемлекет басшысы жемісті алқапты аралап, ондағы ақсақалдар және ауылшаруашылық қызметкерлерімен сұхбаттасып, «Біздің жер жәннаттай. Бұдан тек жақсы пайдаланып Наманганды басқа облыстарға үлгі етуіміз керек. Адамдарды қызықтыруымыз қажет. Жыл сайынғы пайдалану шартымен жерді, ұрықты, көшетті, қаражатты да береміз тек бар болғаны қалған қызмет азаматтардың өзінен болуы керек. Сондай жасамайды екенбіз біздің жұмысымыздан нәтиже болмайды, деді Президент.