Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті
13:03 / 2020-05-08

Сұхбат басында Мемлекет көшбасшылары Екінші дүниежүзілік соғыстағы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай бір-бірлерін шын жүректен құттықтасты


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 8 мамырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Сұхбат басында Мемлекет көшбасшылары Екінші дүниежүзілік соғыстағы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай бір-бірлерін шын жүректен құттықтап, денсаулық және амандық тілесті.

Соғыста өз өмірін құрбан етіп, майдан артында аянбай еңбек еткен ата-бабаларымыздың ерлігі мен батырлығы бауырлас халықтарымыздың ұрпақтары жадында мәңгі сақталуы жайында сөз болды.

Әнгімелесу барысында тараптар шекаралас аудандардағы, атап айтқанда Сардоба су қоймасындағы төтенше жағдайдың салдарын жоюға қатысты мәселелерді талқылап, халыққа қажетті көмек көрсету, инфрақұрылым мен коммуникацияны қалпына келтіру бойынша бірлесе қабылданған басым шаралар қолдау тапты.

Екі елде коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес тиімді екенін қанағаттанушылықпен айтылды. Осы қауіпті аурудың алдын алу мен емдеуде құзырлы органдардың тығыз байланысы мен ынтымақтастығын жалғастыру маңызды екендігі сөз болды.

Шавкат Мирзияев пен Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты стратегиялық серіктестікті, әсіресе сауда-экономикалық салада кеңейту мәселелеріне назар аудара пандемияның залалын азайту үшін жаңа жобалар мен практикалық ынтымақтастық салаларын дамытуда қос елдің премьер-министрлері басқаратын бірлескен Үіметаралық комиссияның маңызды рөл атқаратындығы атап өтілді.

Сондай-ақ халықаралық маңызы бар өзекті мәселелер және Орталық Азия аймағында тату көршілік қатынастарды одан әрі нығайту туралы пікір алмасты.