English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Нүкіс қаласындағы опера және жыраулар мектебіне барды
18:30 / 2020-10-02

Қарақалпақстан Республикасына барған Президент Шавкат Мирзияев Нүкіс қаласында жаңадан ашылған опера және жыраулар мектеп-интернатына барды


Қарақалпақстан Республикасына барған Президент Шавкат Мирзияев Нүкіс қаласында жаңадан ашылған опера және жыраулар мектеп-интернатына барды.

Опера және жыраулық мектеп-интернаты бұл ортада жәй ғана ашылған жоқ. Оған түрткі болған жағдай осындағы қарақалпақ елінің өзіне тән жыраулық мақамы бар болғандығы, соның неігізінде бұл жерден Өзбекстан және Қарақалпақстанның халық жыраулары мен еңбек сіңірген әртістер шықты.

Осы дәстүрді жалғастырып, оны жас ұрпаққа жеткізуге қызмет ету мақсатында жаңадан бой көтерген бұл мектеп, өткен айда іске қосылған болып 150 орынға арналған. Мұнда 9-сыныпты аяқтаған дарынды оқушылар конкурстық негізде қабылданады. Қазіргі уақытта 30-ға жуық ұл мен қыз оқуды бастап, оларға белгілі өнер шеберлері мен тәрбиешілері сабақ беруде.

Жаңа ашылған мектептің тынысымен танысқан Мемлекет басшысы: - Мұндай мектептерді ашудың басты мақсаты - тарихымызды, мәдениетімізді зерттеу, өзідігімізді түсіну. Жыраулық - бұл қарақалпақ халқының тамаша дәстүрі, біз оның дамуына барлық жағдай жасаймыз, - деді Шавкат Мирзияев.