Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев 23 ақпан күні Мойнақ қаласына келді.
Бұл мекен республиканың ең шалғай аудандарының бірі екені белгілі. Ең жақын қала Қоңыратқа дейін 100 км, ал Қарақалпақстан орталығы Нөкіс қаласына 200 шақырым. Бұл, әрине, қарым-қатынаста қиындық тудырады.
Сондықтан, Мемлекет басшысының мұндағы халықтың тұрмыс-тіршілігіне көңілі бөлекше. Бұл өңірді дамыту бойынша екі шешім қабылданып, мақсатты бағдарламалар жүзеге асырылды. Президенттің өзі Мойнаққа екі рет – 2018 және 2019 жылдары барды.
Ол кезде мұнда көлік коммуникациясын жақсарту жөнінде тапсырмалар берілген. Осыған сәйкес тас жолдар жөнделд және әуежайы күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.

Бұл «әуежай» 1947 жылы салынған және бұрын шағын ұшақтарды қабылдап келген. Содан кейін ол мүлдем жұмыс істемей тұрды. Бүгін қайтадан қызметін бастаған әуежайға алғаш рет Өзбекстан Президентінің ұшағы қонды.
Мемлекет басшысы мұндағы құрылыс жұмыстармен танысты. Әуежайда 50 жолаушыға арналған жаңа терминал салынып, ұшу-қону жолағы мен алаңдар жөндеуден өтті. Кешеннің айналасы көгалдандырылды.
Президент мұнда ел тұрғындары, ақсақалдары, аудан төрағаларымен, әкім көмекшілері және жастармен кездесті.
– Соңғы бес жылда біз көп нәрсені үйрендік, бұрын сенбейтін нәрселерге сендік. Алғаш келгенімде «мәдениет Мойнақтан басталады» деп едім. Дәл солай болады. Мына әуежай да оған бір мысал. Енді Ташкент-Мойнақ-Нөкіс рейсі ашылады, - деді Шавкат Мирзияев.

Сапардың тағы бір жаңалығы – Арал өңірін бірлесіп дамыту мақсатында Қарақалпақстан Республикасының аудандары жекелеген облыстарға бекітілді. Мұның себебі мен маңыздылығын Президент былай түсіндірді:
– Көпшілік Арал өңіріндегі жағдайдың нашар екенін айтады. Бірақ мұнда бәрі келіп көрген жоқ. Аралдың ауасымен тыныстап, жағдайын көріп, әділ бағасын беру үшін республиканың түкпір-түкпірінен басшыларды жібердім. Біз Қарақалпақстанның дамуына үлкен инвестиция саламыз, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Мойнақтағы өзекті мәселелер мен алдағы атқарылатын жұмыстар жөнінде тұрғындардың пікірін сұрады.
– Мұнда қиыншылықта шыңдалған, еңбекқор адамдар тұрады. Тек олардың жұмыс істеуіне жағдай жасау керек. Бірақ біз бизнесті қалай құрамыз? Біз не өндіреміз? Оның нарығы қандай болады? Ұшақтың келуі бекер емес. Енді өнімді тасымалдау оңайырақ болады. Сондықтан сіздерден сұрайтыным: ащы, орынды, пайдалы сөз айтуыңыздар. Біз бірлесіп алдағы екі жылға нақты жоспарларды белгілеуіміз керек, – деді Шавкат Мирзияев.

Жиында жұртшылық өкілдері өңірдегі өзекті мәселелерге қатысты өз пікірлерін білдірді. Президент оларды қолдап, шенеуніктерге тапсырма берді. Ауыл шаруашылығы саласымен қатар қызмет түрлерін кеңейту, атап айтқанда, ойын-сауыққа салықтық жеңілдіктер беру қажеттігін айтты. Бұл ішкі туризмді дамытуға, жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді.


Ташкент облысы Мойнақ ауданына біріктірілген. Жиын барысында облыс кәсіпкерлері Мойнақ ауданында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Атап айтқанда, мұнда саябақ салынып, қосымша құбыр тартылады. Қарт адамдар санаторийлерге, балалар лагерьлерге жіберіледі. Мемлекет басшысы тұрғындардың денсаулығына баса назар аударып, осында жұмыс істейтін дәрігерлерді ай сайынғы жәрдемақы және баспанамен қамтамасыз етудің маңызды екенін айтты.