Шавкат Мирзияев мемлекеттік сапармен Қырғызстанға барады
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен 26 қаңтарда мемлекеттік сапармен Қырғызстанға барады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, екі ел басшыларының кездесуі Бішкек қаласында өтеді.

Жоғары деңгейдегі келіссөздердің күн тәртібінде Өзбекстан-Қырғызстан достығы, тату көршілік пен стратегиялық әріптестік қатынастарын одан әрі нығайту мәселелерінің кең ауқымы қарастырылған.

Өзара сауданы арттыруға, өнеркәсіптік кооперация бағдарламаларын қолдауға және өңірлік инфрақұрылымдық жобаларды ілгерілетуге ерекше назар аударылады.
Саммит соңында екіжақты құжаттардың ауқымды жиынтығы қабылданады деп жоспарланған.
ӨзА