Шавкат Мирзияев мемлекеттік сапармен Корея Республикасына барды
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 16 желтоқсанда мемлекеттік сапармен Корея Республикасына барды.
Сеул әуежайында мемлекет басшысын салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Жоғары мәртебелі мейманның құрметіне құрметті қарауыл сап түзеп, артиллериялық снарятар атылды.
Ұшақ алдында Өзбекстан басшысын Корея Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Хонг Нам Ки және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Саммиттің негізгі шаралары – екіжақты кездесулер мен келіссөздер 17 желтоқсан, жұма күні өтеді.





