10 мамырда Президент Шавкат Мирзияев мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы реформалардың тиімділігі туралы таныстырылымға қатысты.
Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, 2018 жылғы 1 сәуірде Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы Мемлекеттік қызмет көрсету агенттігі құрылып, жаңа тұжырымдама негізінде жұмыс істей бастады.
Алғашқыда олардың саны 37 болса, бүгінде 157-ге жеткен. Күніне орта есеппен халыққа 57 мыңған астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Осы мақсатта 117 заңнама әзірленіп, сектор реформаланды. 70-тен астам мемлекеттік қызмет жеңілдетілді. Қажетті құжаттар саны 221-ден 95-ке дейін азайтылып, жалпы қызмет ету мерзімі шамамен 500-ден 271 күнге дейін қысқарды. Мұның бәрі тұрғындарға үлкен қолайлылық жасауда.
Өңірлерде 145 жаңа ғимарат және халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін 115 филиал салынып. азаматтық бойынша актілері мұрағаттарындағы 60 миллион дана қағаз деректері толығымен цифрландырылды.



Деседе, қызмет көрсету аясын және жылдамдығын арттыру үшін шешуді қажет ететін мәселелер бар. Мысалы, қажетті ақпарат толық цифрландырылмағандықтан, қызметтердің 11 пайызы ғана электронды түрде ұсынылуда. Бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызметтер порталының мобильді қосымшасы арқылы 30 түрдегі қызмет көрсету мүмкін. Оның тек 11-і ғана интерактивті қызметтер. Электрондық сәйкестендіру жүйесі мен электрондық цифрлық қолтаңба әзірленбеген.
Бүгінгі презентацияда осыған ұқсас проблемалар және олардың шешімдері талқыланды. Мемлекет басшысы саланы одан әрі дамыту мен тұрғындарға қолайлылықты арттырудың басым бағыттарын белгіледі.
Шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтердің санын осы жылдың соңына дейін 200-ге жеткізу міндеті қойылды.
- Мемлекеттік органдардың халқымызға қызмет етуі - бұл халық сұранысын орындауының негіздерінің бірі. Бұл үшін қай ауылға, қай ауданға қызмет қажет екеніне байланысты жағдай жасау керек. Халыққа ыңғайлылық пен қолайлылықты құру үшін қандай қызметтер арзан, қайсысы тегін болатындығын талдау қажет, - деді Шавкат Мирзияев.
Ведомствоаралық интеграция деңгейін арттыру, мемлекеттік қызметтер үшін төлемдердің 20% -ын ұйымдардың ақпараттық технологиялар жүйесін дамытуға, мұрағат құжаттарын қағаз түрінде цифрландыруға бағыттау қажет екендігі айтылды.
Электрондық цифрлық қолтаңбалармен жұмыс жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметтер порталының мобильді қосымшасын әзірлеу, мүгедектерге төлемдерге жеңілдіктер беру бойынша шаралар анықталды.



