Шавкат Мирзияев мемлекеттік кадастрдың жаңа жүйесін тиімді ұйымдастыруға арналған жиын өткізді
Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен мемлекеттік кадастрдың жаңа жүйесін тиімді ұйымдастыруға арналған бейнеконференциялы жиын өтті
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 15 қазанда мемлекеттік кадастрдың жаңа жүйесін тиімді ұйымдастыруға арналған бейнеконференциялы жиын өтті.
Өзбекстан Республикасы Жер ресурстары, геодезия, картография және мемлекеттік кадастр мемлекеттік комитетінің негізінде ӨР Мемлекеттік салық комитеті жанындағы Кадастр агенттігі құрылды. Жерді есепке алу және мемлекеттік кадастрлардың функциялары осы агенттікке, ал жерлердің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету және бақылау функциялары Ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсырылды.
Жаңа жүйе бойынша Салық комитетінің құрамында Кадастр агенттігінің құрылуы кездейсоқ емес. Себебі бұл салада салық базасын кеңейтудің орасан зор резерві бар.
Жиналыста жаңа жүйе негізінде жұмысты ұйымдастыру үшін, ең алдымен, жер есебін орнына қойып, оны толығымен қалыптастыру қажет екендігі айтылды.
- Кадастр және жер есебін жүргізу саласындағы заңнамалар ескірген. Олар күрделі, түсініксіз түрде жазылған. Бұл жағдай сыбайлас жемқорлыққа жол ашып келеді. Бүгінгі таңдағы жүйе түбегейлі өзгеруі керек. Басты мақсат - жер есебін нақты жүргізу, осыған байланысты әділеттілікті қамтамасыз ету, - деді Мемлекет басшысы.
Жүйедегі проблемалардың бірі - 340 мың нысанның кадастрлық құны анықталмағандығы. Оның ішінде 200 мыңнан астам объектіге салық салынбайды. Сонымен қатар, 1 миллионнан астам үйдің кадастрлық құжаты жоқ.
Осыған байланысты Президент жылжымайтын мүлік кадастрын толық қалыптастыру қажеттігін, бұл салық базасын кеңейтуде маңызды екенін айтып, одан түскен қаражат толығымен жергілікті бюджетке түседі және олардың есебінен әлеуметтік мәселелерді шешуге болатынын жеткізді.
Сондай-ақ жер салығын есептеу жүйесін түбегейлі қайта қарау керектігі жайлы сөз болып, сумен қамтамасыз ету жағдайы жақсы облыс орталықтарына жақын аудандарда және өнімділігі төмен аудандарда жер салығы бірдей. Осы жағдайды қайта қарау керектігі туралы шенеуніктерге жердің нақты құнына негізделген салықтарды есептеу жүйесін енгізу тапсырылды.


