Шавкат Мирзияев: Мұндай қауіпті дертке бейжай қарауға болмайды
Шаңырағыңыздағы отбасы мүшелері тадырына бейжай қарамаңыз
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 8 шілдедегі күнгі кезектегі беййнеконференция басында елімізде коронавирустық инфекциямен күресте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.
-Баршамыз көріп тұрғандай коронавирустық пандемия бүкіл әлемде жалғасуда. Аурудың екінші толқыны әлемнің бірқатар елдерінде басталуы - барлығымыз үшін шынында қауіпке айналуда. Өкінішке орай бұл індетке қарсы «сыйқырлы дәрі» әлі күнге жоқ.
Әлемдік қоғамдастықтағы ең ірі ғылыми орталықтар, ең білімді ғалымдар бұл қасіреттің емін табу үшін көп ізденістер жасауда. Мұндай зерттеулер жақын арада оң нәтижесін береді деп сенеміз. Елдегі жағдайға көз салсақ аурулар саны 10 982-ге жетіп, олардан 6 890 сауығыпты. Бұлда медицина мамандарының еңбегінің арқасында болып отыр. Алайда бұл дегені беймалалдыққа жол беру дегені емес. Өйткені шілденің алғашқы аптасының өзінде науқастар саны 2 167 кісіге көбейген және соның 58 пайызы халық арасынан анықталған.
Бұл жағдайды ескере отырып, Республикалық комиссия облыстар, қалалар, аудандар әкімдерімен және сала басшылары бірге індеттің алдын алу үшін барлық шараларды қабылдауға міндетті.
Әрине, біз қандай-да бір себептермен көрші елдер аумағында қалып қойған Өзбекстан азаматтарын елге қайтару үшін тиісті шаралар көретін боламыз. Бірақ отандастарымызға айтарым: бүкіл әлемде мыңдаған адамдардың өмірін жалмаған мұндай апатты ешқашан назардан тыс қалдыруға болмайтынын тағы бір рет атап өткім келеді.
Өзіңізде аурудың кішкентай болсын белгілерін байқасаңыз, дереу дәрігермен кеңесіңіз. Өз білгеніңізше үйде емделуге тырыспаңыз. Мұның нәтижесі ауыр жағдайлармен аяқталуы мүмкін. Шаңырағыңыздағы отбасы мүшелері тадырына бейжай қарамаңыз.
Халықтың, отбасы мен балалардың денсаулығы мен өмірі біздің басты байлығымыз болғандықтан, бұл өте маңызды мәселеге ешкімнің бей-жай қарауға және карантин талаптарын бұзуға құқығы жоқ. Мұны ешкім, ең әуелі барлық басшылар мен жауапты тұлғалар ұмытпауы керек, деді Президент.