Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Конституциялық комиссия мүшелерімен кездесу өткізуде
12:23 / 2022-06-20

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Конституциялық комиссия мүшелерімен кездесу өткізуде.

– Ең алдымен, бүгін халқымыз үшін өте маңызды саяси реформалар жүріп жатқан кезеңде сіздермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Біз бүгін сіздермен жан-жақты талқылау және басым бағыттар туралы шынайы пікір алмасу үшін жиналып отырмыз. Конституциялық комиссияның жұмысы біз бастаған ауқымды реформалар үшін құқықтық базаны одан әрі нығайтуға қызмет ететіні сөзсіз. Мен бұл процестерді қарай тұрып бір нәрсеге ерекше қуандым. Әрбір азаматымыз жаңа дәуір өзгерістеріне немқұрайлы қарамай, бастама көтеріп, көптеген ұсыныстарын айтып, реформаларымызды белсенді түрде қолдап отыр, - деді Мемлекет басшысы.

Президен әрбір ұсынысты назардан тыс қалдырмай, Конституцияны жетілдіру барысында оны ескеру қажеттігін айтты.

Біздің басты мақсатымыз – бұл құжатты Менің Конституциям деп әрбір азамат мақтан ететін кемелдік деңгейіне жеткізу, - деді Шавкат Мирзияев.