French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев: Күнде мұндай кездесу бола бермейді, барлық әнгімені ашық айтыңдар
14:50 / 2020-06-06

Сух ауданының кешенді дамуына 500 млрд сум бюджеттен қаржы бөлініп, 11 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Ферғана облысына жасаған сапары аясында аймақтағы аудан әкімдері және саласы басшылары, қоғам белсенділерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Халықпен ашық сұхбат кезінде Мемлекет басшысы барлық проблемаларды бірге шешуге және халықтың ауыртпалығын жеңілдетуге келгенін айтып: Мен қысқа қайырып, сіздер көптеп сөйлесеңіздер дұрыс болады. Ешқандай мақтау қажет емес. Президентке ең үлкен мадақ айтылды – ол хылық сенімі. Маған мұнда келіп қошеметке бөленіп қайтып кету оңай. Бірақ бұдан келер нәтиже жоққой. Менің аудандарға өзім баруымның себебі, халықтың тұрмысын шынайы сезініп нақты қадамдар жасау. Біздің жасаған реформаларымыз алыс аймақтарда қандай өзгерістер әкелуде, төменгі жүйеде басшылар нендей тірлік атқаруда деген сұрақтарға жауап табу. Күнде мұндай кездесу бола бермейді, барлық әнгімені ашық айтыңдар, деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы сұқбат аясында өткен апта Сух ауданында болған жағдайға тоқталып: соңғы жылдарда көрші елдермен шекарадағы мәселені шешуге қол жеткіздік, ал кешегі Сухтағы болған жағдай қырғыз халқы мен достығымызға, ынтымақтастығымызға әсер етпеуі керек. Сабырлы және салмақты болып, мың жылдық тату көршілікті құрмет етіп жасауымыз керек, деген.

Премьер-Министрдің басшылығымен Үкімет комиссиясы мұндағы шешілмей жатқан шаруаларды зерттеп, жан-жақты ұсыныстар дайындап, 2020-2022 жылдар аралығында Сух ауданының кешенді дамуына 500 млрд сум бюджеттен қаржы бөлініп, 11 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.