Президент Шавкат Мирзияев Ферғана облысына жасаған сапары барысында Марғиландағы Жастар индустриалды-кәсіпкерлік аймағында болды.
Бұл жер бұрын тастақ, пайдаланылмаған жер болған. Бірақ байланыс пен логистика жағынан өте ыңғайлы болатын.
Сондықтан 7 гектар аумақта осынау индустриялық аймақ құрылды. Мұнда тоқыма, былғары-аяқ киім, жиһаз және тамақ өнеркәсібінде 28 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінде оның 12-сі өндіріске кірісті. Барлық кәсіпорындарда мыңнан астам жұмыс орны ашылады.
Мемлекет басшысы кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейтін әйелдермен сұхбат құрды.


– Адамдық капиталын көтеру жолында біз әйелдерге ерекше көңіл бөлудеміз. Әйел бұл – отбасы, кемел балалар дегені. Әйелдер дәптерін не үшін жасадық? Әрбір мұқтаж әйелге көңіл бөлу үшін. Кейбіреулеріңіз «мен мұны істей алмаймын» деп ойлаған боларсыз. Сіз жасай аласыз. Сіздерде осындай сенім болуы, қыздарымыздың кәсіби маман болуы үшін біз алдағы уақытта да қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, – деді Шавкат Мирзияев.
Осындай индустриалды аймақтарды шалғай аудандарда да ашып, жастарды тартып, оларды оқытып, кәсіпкерлікке қолдау көрсетуді тапсырылды.
Президент «Тастақ» ауданындағы «Agro impex valley» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тыныс-тіршілігімен танысты. Құны 100 миллиард сумнан асатын кәсіпорын 2020 жылы іске қосылды. Ол «Amira Textile» брендімен дайын киімдер шығарады. Мұнда жазғы аяқ киімнің үстіңгі жағы да тігіледі.
Мемлекет басшысы осы ауданда өндірілген өнеркәсіптік және қолөнер бұйымдарын аралап көрді.

