Шавкат Мирзияев өңірлердегі коронавируспен байланысты жағдай жөнінде жиын өткізді
Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен өңірлердегі коронавируспен байланысты күрделі жағдайды жөнге салу шаралары туралы бейнеконференциялы жиын өтті
28 шілдеде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен өңірлердегі коронавируспен байланысты күрделі жағдайды жөнге салу шаралары туралы бейнеконференциялы жиын өтті, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.
Республикалық арнайы комиссияның шешімімен елдегі карантиндік шектеудер мерзімі 15 тамызға дейін ұзартылғаны мен бірге қазіргі жағдай пандемияға қарсы күресті одан әрі қатаңдатуға шақырады. Сондықтан бүгінгі жиында өңірлердегі өзекті мәселелер талқыланып, қосымша міндеттер белгіленді.
Соңғы екі аптада аймақтарға қосымша 370 жасанды тыныс алу аппараттары, 1041 портативті респиратор, 1 164 оттегі концентраторлары және басқа да медициналық жабдықтар жеткізіліп өңірлерге таратылды. Науқастар санының тағыда артуын ескере отырып, Республикалық арнайы комиссияға аймақтарға қосымша жабдықтармен қамтамасыз ету міндеті жүктелді.
Жас балалар мен жүкті әйелдер, жасы үлкен қарттар мен мүгедектердің және созылмалы аурулары бар адамдардың денсаулығын жүйелі бақылаудың маңыздылығы айтылып, карантиндік мерзімде көмекке мұқтаж, күнкөрісі төмен отбасылар назардан тыс қалмай қаржылай көмек және азық-түлікпен дәрі-дәрмекті тәулік бойы жеткізіп беру жүйесі нақтылы істеуі керек екені жөнінде міндеттер қойылды.
Мемлекет басшысы ауыр науқастардың жағдайын жеңілдететін медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударып, - Қазіргі жағдайда біз науқастарды емдеуге және экономиканы үнемді пайдалануға мәжбүрміз және жауаптымыз. Сондықтан біз тұрғындардың денсаулығын сақтау бойынша жұмысты қатаң тәртіпте жалғастыруымыз керек, - деді Шавкат Мирзияев.
Әкімдер өз аумағындағы жағдайға байланысты нақты шаралар қабылдауы мен азаматтардың медициналық маскалар киюін, әлеуметтік қашықтықты сақтауын, 65 жастан асқан кісілердің қажетсіз жағдайда үйден шықпауы туралы ережелерді қатаң сақтаудың маңыздылығы айтылды.


