Шавкат Мирзияев Иран Президентіне көңіл айтты
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Иран Президенті Ибрахим Раисиге көңіл айтып жедел хат жолдады.
Бұл туралы Президент баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлімдеді.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Иранның бірнеше аймағында қатты су тасқынына байланысты көптеген адамдардың қаза болуы және үлкен шығынға ұшырағанына орай ел Президенті Ибрахим Раисиге көңіл айтып жедел хат жолдады.
Мемлекет басшысы табиғи апат салдарынан құрбан болғандардың отбасы мүшелері мен туған-туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі, делінген хабарламада.