English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат мирзияев Хорезм облысының белсенділерімен кездесті
16:55 / 2020-12-13

Президент Шавкат Мирзияев Хорезм облысына жасаған сапары аясында облыстың белсенділерімен кездесуде қазіргі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді талқылап, әрбір қала мен ауданның мүмкіндіктеріне сүйене отырып «Даму нүктесі», анықталды.

Кездесуде 2021 жылы отбасылық бизнесті дамытуға, облыстағы жастар мен әйелдерді жұмыспен қамту үшін 500 млрд сум бөлінетін болды.

Хорезм аймағы үшін қажетті саланың бірі - туризм. Сондықтан, аймақтағы қонақ үй санын көбейту, әлеуетті елдерден Үргенішке тұрақты және чартерлік рейстер ұйымдастыру қажет. Ішкі туризмді дамыту мақсатында көлік қызметін жетілдіру, атап айтқанда, Ферғана алқабынан әуе және теміржол қатынасын іске қосу, оның алғашқы кезеңінде 30 пайыздық жеңілдік қолдану тапсырылды. Кейін бұл тәжірибе Терміз, Самарқандта және Бұхарада қолданылатын болады.

Келесі жылы облыста 2 мың пәтерлік 100 көпқабатты үй салу және ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту жайлы айтылып, білім беруді, медицинаны және мәдениетті дамыту бойынша шаралар белгіленді.

Кездесуде Мемлекет басшысы Хорезм жастарымен бөлек сөйлесіп, ондағы әрқайсы жастың сөзіне құлақ түре шенеуніктерге олардың ұсыныстары бойынша нұсқау берді.

- Біз қиын кезеңде, сындарлы жағдайда өмір сүріп жатырмыз. Мұндай жағдайда әр ауданның, әр махалланың өз орны мен мақсаты болады. Хорезмнің мақсаты биік болуы керек, - деді Мемлекет басшысы.