Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Хорезм облысына барды
15:24 / 2020-12-12

Президент Шавкат Мирзияев 12 желтоқсанда Хорезм облысына жасаған сапары аясында Ханқа ауданындағы инновациялық жылыжайдың жұмысымен танысты.

«Red Star Oxus» ЖШС тарапынан құны 205 миллиардтан астам соманы құрайтын нысан осы жылдың ақпан айында пайдалануға берілді. Бұл жобаның бірінші кезеңі аясында 7 гектар жерге гидропоникалық әдіспен қызанақ, қияр, бақылажан, болгар бұрышы жетістірілуде.

Жылыжай Нидерландының «Kubo» компаниясы шығарған «Ultra Clima» ноу-хау технологиясымен жабдықталған. Мұның артықшылығы - жылу ультра-климаттық аймаққа желдеткіш арқылы тартылып, пластикалық құбырлар арқылы керек жерге қажетті деңгейге жіберіледі. Яғни, температура бүкіл жылыжайға емес, өсіріліп жатқан көкөністің тамырына бағытталады. Бұл энергияны үнемдеуге көмектеседі.

Қарапайым жылыжайда қызанақ көшеттері 6 ай көлемінде жеміс берсе, бұл инновациялық жылыжайда бір жыл бойы өнім алуға болады.

Осы ерекшелікке назар аударған Мемлекет басшысы: - Азық-түлік қауіпсіздігі - бүкіл әлемдегі өзекті мәселеге айналуда. Сыртқы нарық ауылшаруашылық өнімдерін маусымдық емес, жыл бойына жеткізуді талап етеді. Осыны ұсына алатын кәсіпорын нарықта өз орнына ие болады. Бұл жұмыс пен экспорттың керемет көзі, - деді Шавкат Мирзияев.

Атаулы жылыжайдағы процесс толығымен автоматтандырылған болып, бірінші кезеңде 75 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал екінші кезеңі толық жұмысы келесі желтоқсанға жоспарланған және оған 150 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. 

Мемлекет басшысы гидропоникалық әдіспен жыл бойына ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін жылыжайдың жұмыс барысымен танысты.