Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Ферғана облысына жасаған сапары аясында Риштан ауданындағы Халықаралық қолөнер орталығында барып, ондағы жағдаймен танысты.
Бұрындары мұндағы қолөнер шеберлері жұмысын өз үйіндегі кішкене ұстаханасында істейтін. Бірақ 2017 жылдың 17 қарашасындағы Президент жарлығынан кейін Қоқан мен Марғиланда қолөнер орталықтары салынды. Соның арқасында туристердің қара топырақтан көзе мен шыны ыдыстардың қалай жасалатыны жайлы процесті көзімен көруге мүмкіндік пайда болды.
Қазіргі таңда мұнда екі қабатты 20 пәтер қолөнершілердің игілігіне беріліп, Риштан тарихы мұражайы және банктік қызмет көрсету орталығы ашылған. Үйлердің бірінші қабатында шеберхана мен дүкен, ал екінші қабатында қолөнершілер отбасы тұрады.
Шетелдік туристердің қалауына орай осында тұрып, көзе мен шыны ыдыстардың жасалу барысын көруі үшін пәтерлерде 6 адамға арналған қонақ үйлер де бар.
Орталықтың пайдалануға берілуімен шамамен 250 жұмыс орны ашылып, осында жасалған өнімдер Біріккен Араб Әмірліктері, Чехия, Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанға экспортталуда.
Мемлекет басшысы орталықтың жұмысымен танысу барысында Өзбекстанның халық шебері Алишер Назировтың шеберханасында болып, көрмеге қойылған қыш ыдыстарды көзден кешірді: - Бұл бұйымдарда еңбекте, жүректе, тарихта бар. Біз ұлттық дәстүрлерімізді барлық бағытта қалпына келтірудеміз. Қыш бұйымдарын да кеңінен насихаттап, әр үйге енгізу керек. Оларды шетелдіктер жоғары бағалайды. Себебі ол әдемі, сапалы, экологиялық таза. Егер біздің елдің әр үйінде осындай бұйымдар болса, бұл ұлттық мақтаныш та, руханият та болады, - деді Шавкат Мирзияев.















