French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті
17:14 / 2019-10-30

Мемлекет басшылары көпжақты Өзбекстан мен Түркіменстан қатынастарының жай-күйі мен даму болашағын талқылады


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 30 қазан күні Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат басында Мемлекет басшысы бауырлас ел Түрікменстан халқына Ашхабадта қазанның 10-11 жұлдызы күндері өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының саммитінде көрсетілген қонақжайлылық үшін және Түркіменстанның ТМД-дағы төрағалығының табысты өткенімен құттықтап алғыс айтты.

Екі ел басшылары көпжақты Өзбекстан мен Түркіменстан қатынастарының жай-күйі мен даму болашағын талқылады, сондай-ақ жоғары деңгейдегі алдағы шаралар жағдайындағы өзекті халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасып, екі ел арасындағы ежелден келе жатқан достық пен тату көршілік қарым-қатынастары, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы, энергетика және басқа салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту үшін берік негіз болатындығы атап өтілді.

Тараптар өңіраралық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық алмасуларды кеңейтуге белсенді түрде көмектесуге дайын екендіктерін білдірді.

Сұхбат соңында Мемлекет басшылары достас еі елдің және бүкіл Орталық Азия аймағының тұрақты дамуы мен өркендеуі үшін Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға деген шешімін растады.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.