Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Грузия Премьер-Министрін қабылдады
21:10 / 2022-07-19

19 шілдеде Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Өзбекстанда ресми сапармен жүрген Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвилиді қабылдады.

Кездесуде екі ел арасындағы көлік-логистика, сауда және өнеркәсіптік ынтымақтастық салаларындағы бірлескен жобалар мен бағдарламаларды ілгерілету перспективалары талқыланды.

Транзиттік әлеуетті, соның ішінде Өзбекстандық жүктерді тасымалдауда Поти және Батуми порттарының инфрақұрылымын тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Өзбекстан мен Грузияның еркін индустриялық аймақтарында жасалған қолайлы жағдайларды ескере отырып, тоқыма, электротехника, тамақ, фармацевтика және басқа да салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндіктер бар екені көрсетілді.

Сонымен қатар, мәдени-гуманитарлық алмасуды жандандырып, туристер ағынын арттыруға екі жақтың да мүдделі екені айтылды.

Екіжақты Үкіметаралық комиссияның келесі отырысын өткізу және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бойынша «жол картасын» қабылдауға келісілді.