Шавкат Мирзияев Германия халқы мен басшылығына көңіл айтып желдел хат жолдады
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Германия Федеративті Республикасының Федералды Канцлері Ангела Меркель мен Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайерге елдің батысында болған апатты су тасқыны салдарынан көптеген адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айту хатын жолдады.
Мемлекет басшысы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына және Германия халқына қайғыра көңіл айтып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.