Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев геология саласындағы жұмыстардың артқарылуы жөнінде кеңес өткізді
20:30 / 2020-11-16

Президент Шавкат Мирзияев геология саласын жаңарту, инвестицияларды тарту және геологиялық барлауды кеңейту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Соңғы үш жылда бұл салаға үлкен қаражат бөлініп, технологияларды жаңарту, ғылымды оңалту және кадрлар даярлау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Заманауи техниканы қолдану нәтижесінде бұрғылау дәлдігі мен өнімділігі артты. Жер қойнауының қорлары да, болжамдық ресурстар да өсті.

Мемлекет басшысы жиында геологиялық барлауды ұлғайту арқылы 2021-2022 жылдары минералды-шикізат базасын күрт кеңейту қажеттігін айтып, «Геология саласында 50 пайыз уақыт инвестицияға жұмсалуы керек. Егер инвестиция келмесе, геологиядағы жағдай өзгермейді. Бізге ұзақ мерзімді дерексіз емес, қысқа мерзімді, нақты және тиімді жоспарлар қажет», - деді.

Салаға шетелдік инвесторларды тарту үшін геологиялық барлауды ұйымдастырудың тәсілін өзгерту қажет. Осы мақсатта халықаралық тәжірибе негізінде перспективалы бағыттарды қалыптастыру, оларды шетелдік инвесторларға беру, геологиялық барлау және салық салу жүйесін жетілдіру бойынша нұсқаулар берілді.

Жетекші аудиторлық және консалтингтік компаниялармен бірлесе отырып саладағы мемлекеттік кәсіпорындарды трансформациялау бойынша «жол карталарын» әзірлеу міндеті қойылды және «УзгеорангметЛИТИ» институтына озық тәжірибесі бар шетелдік компанияны тарту жоспарланды.