Шавкат Мирзияев Ферғана облысындағы құрылыс жұмыстарымен танысты
Президент Шавкат Мирзияев 28 қыркүйекте Ферғана облысының Бағдад ауданына барып, ондағы құрылыс жұмыстарымен танысты.

Атап айтқанда, өткен жылы ауданның Гүлістан махалласында 7 көпқабатты үй салынып, биыл осындай 61 тұрғын үй бой көтерді.

Мемлекет басшысы осындағы құрылыс жұмыстарымен танысты.

Мұнда азаматтар жиыны ғимараты, жастарға арналған коворкинг орталығы, сауда және тұрмыстық қызмет көрсету кешені іргелес орналасқан. 420 орындық мектеп, 150 орындық балабақша, отбасылық емхана, мәдениет үйі мен спорт кешені салынды. Көпқабатты үйлердің алдында балалар ойын алаңдары да жайғасқан.

Мемлекет басшысы махалладағы жаңа үйлердің біріне қоныс аударған Абдукаххор ата мен Айзода апаның үйінде қонақта болып, олармен шынайы әңгімелесті.





