Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев ферғаналық қаһарман фермер әйелмен телефон арқылы сөйлесті
22:51 / 2020-03-05

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сенат спикері Танзила Норбоева сол күні Ферғана облысына барып, Президенттің мерекелік сыйлықтарын табыс етті


Президент Шавкат Мирзияев елдегі ең белсенді және бастамашыл әйелдердің бірі - Ферғана облысы Алтыарық ауданындағы «Нұрлы Абад» шаруа қожалық басшысы, Өзбекстанның Батыры, «Олий Мажлис» Сенатының мүшесі Лола Муротовамен телефон арқылы сөйлесіп оны келе жатқан Халықаралық қыз-келіншектер мерекесімен құттықтады.

Орайы келген осы әңгіме барысында Мемлекет басшысы Лола Муротованың елдегі ауыл шаруашылығы мен фермерлікті дамытуға, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлкен үлесін және Өзбекстанның өркендеуі мен гүлденуі жолында көп жылғы қажырлы еңбегі мен адал қызметін айтып қуантты.


Ақ жаулқты батыр ана Лола Муротова да жұмыс кестесінің тығыздығына қарамай арнайы құрметтеп соққан қоңырауы үшін Президентке шын көңілден ырзашылық білдіріп рақметін жеткізді.

Шавкат Мирзияев қазіргі уақытта емделіп жатқан фермер ханым Лола Муротоваға мықты денсаулық және амандық айтып, туған – туыстарының әрқашан қолдауында болуын тіледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сенат спикері Танзила Нарбоева сол күні Өзбекстанның Батыр әйелі Лола Муротованы мерекеге орай жеке құттықтау мен оның жағдайынан хабар алу мақсатында Ферғана облысына барып, Президенттің мерекелік сыйлықтарын табыс етті.