Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Еуропалық Одақ делегациясын қабылдады
19:34 / 2021-11-25

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 25 қарашада Еуропалық Одақ Еуропа комиссияның вице-президенті Маргаритис Схинас бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесу басында ЕО Жоғары өкілі Еуропалық Кеңес төрағасы Шарль Мишель мен Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйеннің Мемлекет басшысына сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.

Өзбекстан мен ЕО арасындағы көп қырлы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланған кездесуде, екіжақты диалогтың, оның ішінде экономика, заңның үстемдігі, демократиялық жаңғыру, адам құқықтары, қауіпсіздік және басқа да басымдықтар салаларында жанданғаны атап өтілді.

Осы айда Өзбекстан-Еуроодақ Ынтымақтастық Кеңесінің кезекті отырысы сәтті өтті.

Өзара тауар айналымының көлемі қарқынды өсуде, жетекші Еуропалық компаниялардың озық тәжірибесі мен технологияларын қолдану арқылы ірі инвестициялық жобалар жүргізілуде.

Білім, қауіпсіздік, лаңкестік пен есірткі бизнесіне қарсы күрес салаларында маңызды бірлескен бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Өзбекстан мен ЕО арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім бойынша келіссөздерді аяқтауға және оны тез арада қабылдауға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ өңірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.