Шавкат Мирзияев Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 2020 жылдың 11 желтоқсанында Беларусь Республикасының Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің төрағасы Александр Лукашенконың шақыруымен Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО) бейнеконференциялы түрде өтетін саммитіне қатысады.
Саммитке ЕЭО-ға мүше мемлекеттер - Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Армения, сондай-ақ бақылаушы ел ретінде Молдова және Куба басшылары шақыртылған.
Өзбекстан Республикасына ұйымға бақылаушы мәртебесін беру - саммиттің күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі.
Шавкат Мирзияев өз сөзінде Өзбекстан мен ЕЭО арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың басымдықтарын айқындайды деп күтілуде.
Осы жылдың мамыр айында Өзбекстан Республикасы «Олий Мажлиси» Өзбекстанның Еуразиялық экономикалық одаққа бақылаушы мемлекет ретінде қатысу туралы ұсынысын мақұлдаған болтын.