Шавкат Мирзияев Еуразиялық экономикалық кеңестің онлайн саммитіне қатысады
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 10 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің бейне байланысты форматта өтетін кезекті жиынына қатысады.
Атаулы шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық ететін болып, оған Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения, сондай-ақ ұйымдағы бақылаушы мемлекет Куба басшылары қатысуы жоспарлаған.
Саммиттің күн тәртібіне сәйкес, ЕАЭО аясында интеграциялық үдерістерді кеңейтудің және осы көпжақты құрылымның қызметін жақсартудың өзекті мәселелері қарастырылады.
Айта кетейік, Өзбекстан 2020 жылдың желтоқсан айынан бері Еуразиялық экономикалық одаққа бақылаушы ел есептеледі.