Шавкат Мирзияев ескірген үйде жасайтын жандарға қолайлы жағдай жасауды тапсырды
Мемлекет басшысы Әндіжан облысына жасаған сапары аясында қаладағы ескірген махаллаға кіріп тұрғындардың жағдайын өзі барып көрді.
Мемлекет басшысы Әндіжан облысына жасаған сапары аясында қаладағы ескірген махаллаға кіріп тұрғындардың жағдайын өзі барып көрді.
Қаланың орталығында орналасқан бұл ауданда үйлер жобасыз құрылған. Қолайлы жағдайдыың жоқтығынан қабырғалар дымқылданып, тазалық жағдайлары нашар жағдайға келген.

Мемлекет басшысы осы жағдаймен тікелей танысып, адамдармен әңгімелесті. Ол мұндай жағдай біздің халқымызбен үйлеспейтіндігін, махалла тұрғындары жаңадан салынып жатқан заманауи үйлерге көшіп, оларды лайықты жағдайлармен қамтамасыз ете алатындығын атап өтті.
Тұрғынар халық сөзін тыңдап, өмір сүру жағдайларын жақсартуға қамқорлық пен назар аударғаны үшін Президентке алғыс айтты.
Мемлекет басшысы «Andijаn сity» кәсіпкерлік қалашығы құрылуы жайында айтып, мұндағы ескі махалла орнына 9 қабатты 70ке жуық тұрғын үй салу жоспарланғанын мәлімдеді.
Президент бұл қаланы ұзақ көздей тұрып, комплексті негізде салуға және Әндіжан үшін үлгі болуға тиіс екенін атап өтті. Сол жайында мамандарға нұсқаулар берді.


Өзбекстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі хабары.