English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев ЕҚЫҰ-ның төрағасын қабылдады
20:37 / 2021-04-14

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 14 сәуір күні Өзбекстанға жұмыс сапарымен келген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) қазіргі төрағасы, Швеция Корольдігінің сыртқы істер министрі Анн Линде бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесуде тараптар Өзбекстан мен ЕҚЫҰ арасындағы сындарлы серіктестікті дамытудың, Өзбекстан мен Швеция арасындағы практикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің өзекті мәселелерін талқылап, аймақтық және халықаралық маңызы бар мәселелер бойынша пікір алмасты.

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ-мен тиімді диалогтың қазіргі деңгейін қанағаттанушылықпен атап өтті және Швецияның ұйымға төрағалығының басымдықтарын қолдады.

Сұхбат барысында Өзбекстан Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро және Парламенттік Ассамблеямен жемісті диалогты жалғастыруға мүдделі екендігі айтылды.

Сондай-ақ, Швецияда Өзбекстанның дипломатиялық өкілдігінің құрылуы елдеріміз бен жалпы Скандинавия елдері арасындағы ынтымақтастықтың бар әлеуеті мен кең мүмкіндіктерін іске асыруға қызмет ететініне сенім білдірілді.

ЕҚЫҰ-ның төрағасы, Швеция Сыртқы істер министрі Президент Шавкат Мирзияевқа жылы қарсы алу және ашық диалог үшін шын жүректен ризашылығын білдірді және Өзбекстанда жүргізіліп жатқан демократиялық реформалар мен әлеуметтік-экономикалық реформаларды, сондай-ақ Орталық Азия аймағында тату көршілік қатынастарды нығайту саясатын жоғары бағалады.