Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Эмомали Рахмонмен кездесті
17:11 / 2021-11-28

Бүгін Ашхабад қаласында өтіп жатқан Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.

Мемлекет басшылары Өзбекстан - Тәжікстан стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Ауқымды сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.

Кездесуде өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік, туризм және басқа да басым салалардағы перспективалық ынтымақтастық жобаларын іске асыруға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, басшылар Орталық Азия аймағындағы жағдайдың дамуы жөнінде пікір алмасты.