Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 4 наурызда бейнеконференция түрінде өтетін Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) 14-саммитіне қатысады.
Экономикалық ынтымақтастық ұйымы 1985 жылы құрылған болып, ол бүгінде ықпалды аймақтық бірлестік болып табылады. Бұл көпжақты құрылымның басты мақсаты - сауда, инвестиция, инновация, көлік, коммуникация, энергетика, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп сынды басым салалардағы ынтымақтастықты дамыту.
Бүгінгі таңда ЭЫҰ-ға 10 мемлекет мүше. Олар қатарында Өзбекстан, Түркия, Иран, Пәкістан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Әзірбайжан және Ауғанстан елдері бар.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен өтетін ЭЫҰ елдері басшыларының саммитінде COVID-19 кезеңінен кейінгі кезеңде аймақтағы практикалық ынтымақтастықты дамыту мәселесі талқыланады.
Өзбекстан Республикасы Президенті өз сөзінде аймақтық серіктестікті дамыту туралы өз пікірін білдіріп, пандемияның зардаптарын жою, сауда байланыстарын қалпына келтіру, өндірістік ынтымақтастықты нығайту, көлік-логистика, азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы бірлескен бағдарламаларды іске асыру, «жасыл» экономика және қаржылық ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар ұсыныстар жасайды деп күтілуде.