Шавкат Мирзияев ЕҚДБ президентімен келіссөздер өткізді
Өзбекстан Республикасы Президенті Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Сума Чакрабартимен бейне байланыс арқылы келіссөздер өткізді
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 11 маусымда Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Сума Чакрабартимен бейне байланыс арқылы келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.
Әңгіме басында Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасының Еуропа қайта құру және даму банкімен қарым-қатынасы соңғы жылдары жоғары деңгейге жеткенін және жемісті ынтымақтастық жүріп жатқандығын айтып жәнеде екі жақтық байланыстарды дамытуға қосқан зор үлесі үшін банк басшысы Сума Чакрабартиге шынайы ризашылығын білдірді.
Бүгінгі таңда екі жақтық жобалық портфель шамамен 1,2 млрд долларды құрайтын болып, олар барлық басым бағыттарды қамтиды. Бөлінген қаражаттың үштен бірі жеке сектор мен кәсіпкерлікті қолдауға, оның ішінде коронавирустық пандемияның кері әсерлерін азайтуға бағытталған. Бұдан бөлек тараптар қазірде жалпы құны 1 миллиард доллар болатын жаңа жобалық ұсыныстар үстінде жұмыс атқаруда.
Сондай-ақ банк мамандары Өзбекстандағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік, капитал нарығын дамыту, банк жүйесін реформалау және экономиканың басқа салалары бойынша заңнаманы және стратегиялық бастамаларды әзірлеуге белсенді қатысты және Ташкенттегі кеңсесін кеңейтіп, Андижанда кеңсесін ашты.
Осы әнгіме аясында жетекші халықаралық қаржы институтының басшысы осындай кездесуді ұйымдастырғаны үшін шксіз ризашылық білдіріп, банк Өзбекстандағы жаңа реформалардың жолын және Орталық Азиядағы аймақтық саясатты, оның ішінде жобалық портфельді кеңейту және қаржылық-техникалық көмек көрсету арқылы қолдауға дайын екенін айта келе, Сырдарияда орын алған төтенше жағдайдың салдарын жою және пандемияның Өзбекстанда таралуын болдырмау үшін қабылданған кешенді шараларды жоғары бағалады.
Бейне байланыс барысында өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту мәселелері жан-жақты талқыланып, ЕҚДБ мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құруға және банктерді жекешелендіруге, энергетика және мұнай-газ саласын реформалауға, несиелерді тиімді пайдалануға, бизнесті қаржыландыруды кеңейтуге, тоқыма саласындағы жобаларды қаржыландыруға ниетті екенін білдірді.
Сұқбат соңында тараптар Шетелдік инвесторлар кеңесінің алдағы Ташкенттегі отырысына және ЕҚДБ Басқарушылар кеңесінің 2023 жылы Самарқандта өтетін отырысына бірлескен дайындықты жасауға және белсенді диалог пен алмасуларды жалғастыруға уағдаласты.

