Шавкат Мирзияев ДСҰ-ның жаңа Бас директорын құттықтады
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаланы осынау жоғары және жауапты қызметке тағайындалуына байланысты құттықтау жолдады.
Мемлекет басшысы құттықтау хатында жаңа бас директордың басшылығымен осы ұйымның рөлі мен беделін арттыру үшін тиімді реформалар жүргізілетініне, сондай-ақ әлемдік дағдарысты еңсеру және халықаралық сауда қатынастарының жүйесін одан әрі дамыту бойынша тиімді шаралар жүргізілетініне сенім білдірді.
Өзбекстанның тез арада Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу мәселесі бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыру маңызды екендігі айтылды.