Шавкат Мирзияев Драупади Мурмуға құттықтау жолдады
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Үндістанның жаңадан сайналған Президентін құттықтады.
Бұл туралы Президент баспасөз хатшысы Шерзод Асадов телеграма рнасында хабарлады.
Президент Шавкат Мирзияев биліктегі «Бхаратия Джаната партиясы» жетекшілік ететін Ұлттық демократиялық альянстың кандидаты Драупади Мурмуды Үндістан Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады.
Мемлекет басшысының хатында Өзбекстан мен Үндістан арасындағы көп қырлы, ұзақ мерзімді және өзара тиімді қарым-қатынастар бірлескен күш-жігермен сапа жағынан жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірілген.