Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Денсаулық сақтау саласына қатысты өткен жылдың қараша айында денсаулық сақтау жүйесін түбегейлі реформалау туралы қабылданған жарлық пен қаулылардың орындалуы туралы бейнеконференциялы кеңес өткізді.
Осыған орай елде пандемияға қарсы күрес жағдайы талқыланып, республикада аурулар саны артқанымен қоса науқастық жағдай өте ауыр кешуі, тіпті соңы өліммен аяқталып жатқаны айтылды.
Коронавирусқа қатысты жағдайдың ауырлығын ескере отырып, Президент Премьер-Министрге және облыс әкімдеріне коронавируспен күрес жөніндегі аймақтық штабтардың қызметін үш күн ішінде күшейтуді тапсырды.
- Егер біз қайтадан жұмысқа белсене кіріспесек, жағдайымыз жақсы болмайды. Бұл аурудың соңы көрінбей тұр. Ең сорақысы, көрші елдерде де жағдай өршіп келеді. Енді талап өте қатаң болады, алдыңғы жүйеге көшеміз. Бірақ ешқандай орынды жаппаймыз, дегенмен соған жараса барынша сақтық шараларың жоғары деңгейін қолданамыз. Аурудың қасымызда жүргенін ұмытып қойдық, - деді Мемлекет басшысы.
Шенеуніктерге дүйсенбіге дейін барлық тиісті шараларды жасауға, науқастарды емдеуді жеделдетуге және кем дегенде 3 айлық дәрі-дәрмек пен қорғаныс құралдарын жинауға нұсқау берілді.
Кездесуде сәуір-маусым айларында қауіпті топқа жататын 4 миллионнан астам азаматқа коронавирустық вакцина егу мәселесі де талқыланып, вакцинация 3 кезеңде ұйымдастырылатыны белгілі болды. Онда тұрғындарды тұрғылықты мекені бойынша вакциналау процесі күні мен орны туралы халықты ақпараттандырудың электрондық жүйесі іске қосылады.
Үкіметтік комиссияға Қытайдан тағы 3,5 млн доза және Ресейден 1 млн доза вакцина сатып алу туралы келісімшарттар жасау тапсырылды.