Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев денсаулық сақтау жүйесін дамыту жайлы жиын өткізді
17:37 / 2020-02-25

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары


25 ақпанда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев денсаулық сақтау жүйесін дамыту мен медициналық қызмет сапасын жақсартудағы маңызды міндеттерді талқылауға арналған кеңес өткізді.

Мемлекет басшысы жыл басындағы жолдауында осы саладағы реформаларды жалғастыру мен медициналық қызметтердің сапасын жақсарту және жеке медицинаны дамыту туралы өз көзқарасын білдірген болатын. Міне осы міндеттерге байланысты бүгінгі жиында саладағы мамандандырылған орталық пен аймақтық мекеме арасын байланыстырар жүйенің жоқтығы мен ел аумағында әрбір 10 мың тұрғынға 23 дәрігерден тура келетіні жайлы бұл саладағы көңіл көншімейтін жағдайлар мен денсаулық сақтауға бөлінген қаржының 20-30 пайызы пайдасыз жұмсалып жатқаны және алғашқы медициналық көмекке бөлінетін қаржы шетелде 60 пайыз болса бізде 35-40 пайызды құрайтыны жайлы саладағы басқада жетерлік бірқатар келеңсіздіктер сынға алынып бұл жүйені қайта қарау керектігі айтылды. 


Мемлекет басшысы аурулардың алдын алуға ерекше назар аударды және басқару органдарының жұмысын бағыттау қажеттігін айтып, халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дұрыс тамақтану мен серуендеудің денсаулыққа тигізетін пайдасын насихаттау маңызды екендігі жайлы айтты.


Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.