Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев CIIE-2020 үшінші импорттық өнімдер халықаралық Қытай көрмесінің ашылу салтанатына қатысты
20:20 / 2020-11-04

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің ұсынысына орай 4 қарашада Шанхай қаласында өткен CIIE-2020 импорттық өнімдерінің үшінші халықаралық Қытай көрмесінің ашылу салтанатына қатысушыларға бейне байланыс арқылы үндеу жолдады.

Мемлекет басшысы өз сөзінде ЭКСПО сияқты ірі іс-шараның өтуі Қытайдың ұлттық экономиканы қалпына келтірудегі жетістіктері мен ауқымды халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өте қажет екендігін атап өтті.

Осыған байланысты Өзбекстан Президенті жаһандық дағдарыс жағдайында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және аймақаралық қатынастарды дамытудың маңызды мәселелеріне тоқталды.

Өзбекстанда ұлттық экономиканы ырықтандыру, сыртқы сауда режимін және экспорттық-импорттық процедураларды жеңілдету, нормативтік құқықтық базаны халықаралық стандарттармен үйлестіру, «жасыл дәліздер» қалыптастыру, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру, неғұрлым қолайлы инвестициялық ахуалды құру бойынша қабылданған дәйекті шараларды айтылды.

Шавкат Мирзияев көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайту және Орталық Азияның көліктік-транзиттік әлеуетін кеңейту маңызды басымдық болып қала беретіндігін атап, Өзбекстан аймақтық және аймақаралық байланыстарды нығайтудың кең перспективаларын ашатын «Бір жол - бір белдеу» бастамасын белсенді қолдайтыны және Орталық Азия, Ұлы Жібек жолы дәуірінде болғаны сынды Еуропа мен Азия арасындағы сауда-экономикалық және көлік дәліздерінің хабына айнала алатындығына сенім білдірілді. 

Орталық және Оңтүстік Азияның теміржол жүйелерін байланыстыратын жаңа көлік дәліздерін құру бастамасының маңызы зор екендігі, бұл Еуразия континентінің құрлықтық көлік жүйесін қосуға қызмет ететіндігі айтылып, осы тұрғыдан Мемлекет басшысы еліміз Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан жаңа мультимодальдық көлік дәлізін салу жобасын жеделдетуді қолдайтынын атап өтті.

Бұдан бөлек, «Бір жол – бір белдеу» бастамасы аясында «құрлықтық порттар», логистикалық және көтерме-тарату орталықтарының интеграцияланған желісін қалыптастыру бойынша күш-жігерді біріктіру ұсынылды.

Осы бастамалардың маңыздылығын ескере отырып, БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясында алға қойылған БҰҰ қамқорлығымен аймақтық Көлік және коммуникациялар орталығын ашу ұсынысы серіктестер мен халықаралық ұйымдардың белсенді қолдауына ие болады деген үміт білдірілді.

Мемлекет басшысы сөзінің соңнда, көрме қатысушыларына сәттілік тілеп, ЭКСПО-ның нәтижелері әлемдік сауданы қалпына келтіру және халықаралық экономикалық ынтымақтастықты кеңейту процестеріне қосымша серпін беретініне сенім білдірді.

Айтулы шарада, Сербия, Чили, Оңтүстік Африка президенттері, Испания мен Пәкістан үкіметтері және бірқатар халықаралық ұйымдардың басшылары да сөз сөйледі.Шавкат Мирзиёев CIIE-2020 үшінші импорттық өнімдер халықаралық Қытай көрмесінің ашылу салтанатына қатысты

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің ұсынысына орай 4 қарашада Шанхай қаласында өткен CIIE-2020 импорттық өнімдерінің үшінші халықаралық Қытай көрмесінің ашылу салтанатына қатысушыларға бейне байланыс арқылы үндеу жолдады.

Мемлекет басшысы өз сөзінде ЭКСПО сияқты ірі іс-шараның өтуі Қытайдың ұлттық экономиканы қалпына келтірудегі жетістіктері мен ауқымды халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өте қажет екендігін атап өтті.

Осыған байланысты Өзбекстан Президенті жаһандық дағдарыс жағдайында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және аймақаралық қатынастарды дамытудың маңызды мәселелеріне тоқталды.

Өзбекстанда ұлттық экономиканы ырықтандыру, сыртқы сауда режимін және экспорттық-импорттық процедураларды жеңілдету, нормативтік құқықтық базаны халықаралық стандарттармен үйлестіру, «жасыл дәліздер» қалыптастыру, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру, неғұрлым қолайлы инвестициялық ахуалды құру бойынша қабылданған дәйекті шараларды айтылды.

Шавкат Мирзияев көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайту және Орталық Азияның көліктік-транзиттік әлеуетін кеңейту маңызды басымдық болып қала беретіндігін атап, Өзбекстан аймақтық және аймақаралық байланыстарды нығайтудың кең перспективаларын ашатын «Бір жол - бір белдеу» бастамасын белсенді қолдайтыны және Орталық Азия, Ұлы Жібек жолы дәуірінде болғаны сынды Еуропа мен Азия арасындағы сауда-экономикалық және көлік дәліздерінің хабына айнала алатындығына сенім білдірілді. 

Орталық және Оңтүстік Азияның теміржол жүйелерін байланыстыратын жаңа көлік дәліздерін құру бастамасының маңызы зор екендігі, бұл Еуразия континентінің құрлықтық көлік жүйесін қосуға қызмет ететіндігі айтылып, осы тұрғыдан Мемлекет басшысы еліміз Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан жаңа мультимодальдық көлік дәлізін салу жобасын жеделдетуді қолдайтынын атап өтті.

Бұдан бөлек, «Бір жол – бір белдеу» бастамасы аясында «құрлықтық порттар», логистикалық және көтерме-тарату орталықтарының интеграцияланған желісін қалыптастыру бойынша күш-жігерді біріктіру ұсынылды.

Осы бастамалардың маңыздылығын ескере отырып, БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясында алға қойылған БҰҰ қамқорлығымен аймақтық Көлік және коммуникациялар орталығын ашу ұсынысы серіктестер мен халықаралық ұйымдардың белсенді қолдауына ие болады деген үміт білдірілді.

Мемлекет басшысы сөзінің соңнда, көрме қатысушыларына сәттілік тілеп, ЭКСПО-ның нәтижелері әлемдік сауданы қалпына келтіру және халықаралық экономикалық ынтымақтастықты кеңейту процестеріне қосымша серпін беретініне сенім білдірді.

Айтулы шарада, Сербия, Чили, Оңтүстік Африка президенттері, Испания мен Пәкістан үкіметтері және бірқатар халықаралық ұйымдардың басшылары да сөз сөйледі.