Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Бұхаралық кластер жетекшілерімен сұхбаттасты
17:26 / 2023-02-17

Мемлекет басшысы Бұхара облысына сапары барысында кластер жетекшілерімен тілдесті.

Бұхара облысында 11 мақта-тоқыма кластері жұмыс істейді. 2022 жылы олар 99 мың гектарға жуық алқапқа 358 мың тоннадан астам мақта өсірді. Жалпы 2 триллион 36 миллиард сумға 36 жоба жүзеге асырылып, 3 мың 600 жұмыс орны ашылды. Сыртқы нарыққа 77 миллион долларға жуық өнім шығарылды.

Кездесу барысында нарықтағы жағдайдың өзгеруі, кластерлердің алдында тұрған өзекті мәселелер талқыланды.

– Қиын болса да, неге кластерлік жүйеге көштік? Бұрын халқымыз мақта егіп, одан жақсы пайда көрмей келді. Бес жыл бойы кластерлерге қамқорлық жасап, осы деңгейге жеткізуге жағдай жасадық. Енді олар патриот болуы керек. Жарайды, бай болсын, тек өмірімен, халқымен бірге, – деді Шавкат Мирзияев.

Кластер жетекшілері бүгінгі нәтижелер соңғы жылдардағы реформалардың арқасы екенін, соған жауап ретінде жұмыссыздықты азайтуды өздеріне жауыпкершілік сезінетіні айтты.

– Біздің барлық реформаларымыздың түпкі мақсаты – халқымыздың табысын арттыру. Кедейлікті жойып, халықтың сатып алу қабілетін арттырсақ, кәсіпкерлердің де жұмысы дамиды. Бес жыл бұрын Бұхара қалай еді, қазір қандай? Осы қарқынмен жүре берсе, тағы бес жылда нәтиже бұдан да жақсы болады. Өйткені бізде осындай ұлы, еңбекқор халық бар, – деді Президент.

Сондай-ақ, баламалы энергияны пайдалануды кеңейту, суды үнемдейтін технологияларды қолдану, кластерлер қызметіне инновациялық шешімдерді енгізу бойынша тапсырмалар берілді.

Мемлекет басшысы осында бұхаралық қолөнершілерінің бұйымдарын аралап көрді.