Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев білім беру жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған кеңес өткізді
21:15 / 2020-10-30

Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен бейнеконференция өткізіліп, онда елдегі білім беру жүйесін жетілдіру, ғылымның дамуын жеделдету мәселелері талқыланды


Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен бүгін 30 қазанда бейнеконференция өткізіліп, онда елдегі білім беру жүйесін жетілдіру, ғылымның дамуын жеделдету мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысының мұғалімдер мен ұстаздар күніне орай осы сала мамандарына жолдаған құттықтауында айтқандай, дамудың кемелденуі де, елді құдіретті ету де, ұтты ұлық ететін де ғылым, білім мен тәрбие.

Сондықтан да, Өзбекстанда білім беру жүйесін дамытуға, білікті кадрларды даярлауға үлкен күш пен қаражат жұмылдырылуда. Мектепке дейінгі білім беру, мектеп және жоғары білім беру жүйелерінің, ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметінде сапалы өзгерістер орын алуда.

- Біз мұғалімді өз әкеміздей ұлы санаған және оны әрдайым құрметтейтін ағартушылардың өкілдеріміз. Ұстаз дегенде маған ең алдымен ұлы және құрметті, ақылды және заманауи, шынайы және мейірімді адамдардың бейнесі елестейді. Өйткені бәрімізді мұғалім оқытып, сүйікті ата-анамыздай тәрбиеледі, - деді Мемлекет басшысы кездесу басында.

Бүгінгі жиында елдегі жаңару үдерістері, реформалар мен өзгерістердің тиімділігі мектептегі білім мен жаңа ұрпақ тәрбиесіне байланысты екендігі айтылып, сол себепті көп нәрсе мектеп директорлары мен мұғалімдеріне байланысты. Олар ауылдар мен қалаларда білім, мәдениет және руханиятты тарататын жанқияр жандар. Мектептер тек білім беру орталығы ғана емес, сонымен қатар жақын маңдағы мәдени, зияткерлік орталық болуы керек.

Жуырда ғана елдегі білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, ғылымның дамуын жеделдету мақсатында Президент жарлығының жобасы жасалғаны белгілі. Осы қаулы «Regulation.gov.uz» порталында жарияланған және ата-аналардың қатысуымен барлық аймақтарда, жергілікті кеңестер мен мектеп қауымдастықтарында кеңінен талқыланды.

Жарлықтың жобасында білім берудегі өзекті мәселелерді шешуге, алдағы бес жылда нәтиже көрсетуге және одан әрі даму деңгейін анықтауға бағытталған мақсаттарды қамтиды.

Мемлекет басшысы ең алдымен мектептердегі оқу жүктемесі мен сабақ санын қайта қарау, оқушыларды тек жаттауға ғана тәрбиелемей, оларды ойлануға шақыратын әдістеме құру керектігін айта келе «- Егер мектепте оқыту әдістемесі өзгермесе, білім сапасы, мазмұны және қоршаған орта өзгермейді, - деді Шавкат Мирзияев.

Жаңа әдістемені тиімді енгізу үшін барлық мектеп мұғалімдері шетелдік мамандардың қатысуымен бейнебайланыс арқылы оқытылатын болады. Ең бастысы, бұл процестерге педагогика саласындағы университеттер мен институттар қатысады, мұғалімдерді даярлау әдістемесі жаңарады. Математика, физика, химия, биология және информатика бойынша шет елдердегі озық оқулықтар да терең оқытылатын болады.

Мектептерді жөндеу, абаттандыру және жылыту сияқты экономикалық мәселелерге әкімдер жеке жауапты екендігі айтылды, және жоғары оқу орнына түсе алмаған түлектерді белгілі бір кәсіпке немесе өнерге тарту маңызды. Сондықтан келесі жылдан бастап 7-сыныптағы ұл-қыздардың мамандыққа қызығушылығын анықтау және оларды біртіндеп кәсіпке ұйрету тәжірибесін енгізу жоспарлануда.

Бұдан бөлек жиында мұғалімдердің санатын анықтау процедурасын түбегейлі қайта қарау керек екендігі де айтылды.