Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Бейжің қаласында Си Цзиньпинмен кездесті
20:21 / 2022-02-05

5 ақпан күні Бейжің қаласында Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті.

Қытай астанасындағы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы үйінде екі ел басшыларының ресми кездесуі өтті.

Келіссөздер басында Қытай Төрағасы Си Цзиньпин Шавкат Мирзияевты жылы лебізбе құттықтап, қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысқаны үшін алғыс айтты.

Өз кезегінде Өзбекстан Президенті шақыру және жылы қабылдау үшін алғыс айтып, Қытай басшылығы мен достас халқын Олимпиада ойындарының өте жоғары деңгейде ашылуы, бұл бүгінгі Қытайдың зор табысы мен жетістіктерін паш еткендігімен құттықтады.

Мемлекет басшылары Өзбекстан мен Қытай арасындағы достық пен жан-жақты стратегиялық серіктестік байланыстарын одан әрі нығайту, екіжақты көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтудің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Тату көршілік, өзара құрмет пен өзара тиімділік қағидаттарына негізделген мемлекетаралық қарым-қатынастар бүгінде жоғары деңгейге көтерілгені зор қанағаттанушылықпен атап өтілді.

Жоғары деңгейдегі тұрақты келіссөздер екіжақты байланыстарды жандандыруға қызмет етті.

2021 жылдың соңына қарай тауар айналымы рекордтық деңгейге жетті, Өзбекстан экономикасына Қытай инвестициясы 9 миллиард долларды құрады.

Қытайдың жетекші компаниялары және банктерінің қатысуымен өнеркәсіп, химия саласы, энергетика, ақпарат-коммуникациялық технологиялар және басқа да басым бағыттар бойынша жоғары технологиялық жобалар жүзеге асырылуда.

«Жасыл» экономика, жасанды интеллект, цифрландыру және электронды коммерция саласындағы ынтымақтастық әлеуетін іске асыруға ерекше назар аударылуда.

«Жібек жолы» қорымен ұзақ мерзімді ынтымақтастық бойынша практикалық серіктестіктің стратегиялық жобаларын ілгерілету үшін жаңа «жол картасы» құрылуда. Қаржылық және техникалық көмек көрсету бағдарламасы кеңейтілуде.

Кездесуде сапар барысында қол қойылған бесжылдық сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасын ауқымды түрде жүзеге асыру маңызды екені айтылды.

Теңгерімді саудаға қол жеткізу, тиімді өңіраралық алмасуды қалпына келтіру және тиімді көлік дәліздерін дамыту жөніндегі бірлескен шараларға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, кедейшілік және сыбайлас жемқорлықпен күресте Қытай тәжірибесін зерделеу және енгізу бойынша бірлескен шаралар қабылдауға келісілді.

Денсаулық сақтау, дәстүрлі медицина, туризм, білім, мәдениет және өнер салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндіктер мол екені айтылды.

Маңызды экономикалық және гуманитарлық жобаларды ілгерілету мақсатында Бірлескен Үкіметаралық комитет пен оның ішкі комитеттерінің отырыстарын тұрақты түрде өткізуге қол жеткізілді.

Халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер, соның ішінде Ауғанстанда тез арада бейбітшілік пен экономиканы қалпына келтіруге жәрдемдесу мәселелері талқыланды.

Төраға Си Цзиньпин Өзбекстанның биылғы Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығын қолдады.

Келіссөздер соңында Президент Шавкат Мирзияев Қытай басшысы мен халқын ай күнтізбесі бойынша келіп жеткен Жаңа жылмен құттықтап, қысқы Олимпиада ойындарына сәттілік тіледі.