Шавкат Мирзияев Бейжіңге келді
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев жұмыс сапарымен Бейжіңге келді.
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев жұмыс сапарымен Бейжіңге келді.
Өзбекстан Президентін «Шоуду» халқаралық әуежайынан Қытайдың ресми өкілдері күтіп алды.
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің жұмыс сапарының негізгі мақсаты «Бір белдеу, бір жол» атты екінші халқаралық форумына қатысу және Қытай Халық Республикасы Төрағасы Си Цзиньпин және Бүкілқытай Халық өкілдері кеңесі тұрақты комитеті Төрағасы Ли Чжаньшу, сонымен қатар Қытайдың жетекші компания басшыларымен де кездесу көзделіп отыр.
Аталғн форумға, 40-тан астам шетелдік мемлекеттер мен үкіметтер, халықаралық және аймақтық ұйымдардың басшылары қатысады. Конференцияның күн тәртібінде аймақтағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, ұзақ мерзімді дамудың жаңа үрдісін табу, «жасыл» экономиканы және инновацияны насихаттау, сондай-ақ басым инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру бойынша серіктестікті күшейту мәселелері талқыланды.



