French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев: Барлығымыздың Отанымыз бір. Бізді біртұтас, ұлы мақсат біріктіреді
23:59 / 2022-07-03

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 3 шілдеде Қарақалпақстан Республикасында болды.

Белгілі болғандай, елде маңызды саяси процесс – Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі қоғамдық талқылау жалғасуда.

Осыған орай, азаматтардың өз пікірін, еркін білдіруіне барлық демократиялық жағдайлар жасалған. Бірақ кейбір арам пиғылды күштер конституциялық реформаларға наразылық білдіру желеуімен басқыншылық және зорлық-зомбылық жолын таңдап, жағдайды бұзуға тырысты. 2022 жылдың 1 шілдесінде Нөкіс қаласында жалған ұранды ұстаным ете, азаматтарды адастырып, биліктің заңды талаптарына бағынбай, тәртіпсіздік туындату арқылы жергілікті мемлекеттік органдардың ғимараттарын басып алуға әрекеттенді.

Қоғамдық тәртіпті сақтау талаптарын елемей, олар 2 шілдеде де бұзақылық әрекеттерін жалғастырды. Осы науқанда Нөкіс қаласындағы инфрақұрылым нысандарына айтарлықтай зиян келді. Ғимараттардың терезелері сынып, өрт шықты. Бірнеше топ қару-жарақ алу үшін Нөкіс қалалық ішкі істер бас басқармасы мен ұлттық гвардия басқармасының ғимараттарын басып алуға әрекеттенген. Олардың санын пайдаланып, тәртіп сақшыларына шабуыл жасап, оларды аяусыз ұрып-соғып, ауыр жарақат жеткізген.

Өкінішке қарай, салдарынан бейбіт тұрғындар мен тәртіп сақшылары арасында қаза болғандар болды.

Сондықтан Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртiптi қалпына келтiру мақсатында Қарақалпақстан Республикасы аумағында 2022 жылдың 3 шілдесiнен 2 тамызына дейiн төтенше жағдай енгiзiлдi.

3 шілдеде Нөкіс қаласында Президент Шавкат Мирзиеевтің қатысуымен жиын өтті. Жиын басында Қарақалпақстан Республикасы территориясының коменданты төтенше жағдай туралы ақпарат беріп, жағдай толық бақылауда екенін айтты.

Бейне байланысты форматта өткен жиында Мемлекет басшысы барлық ауданның шенеуніктерімен тілдесті. Олар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында жергілікті жерлерде атқарылып жатқан шаралар туралы ақпарат берді. Президенттің кешегі жолдауынан кейін жағдай тұрақталып, халықтың өмір сүру қарқыны қалыпты жағдайға түскенін айтты.

Мемлекет басшысы Нөкіс қаласындағы Жекетерак кентінде болып, халықпен тілдесті.

Жекетерактық азаматтар кешегі қайғылы оқиғаларда кейбір жастардың теріс жолға түсіп, заңсыз әрекеттерге барғанын, сыртқы арам пиғылды күштердің ықпалына түсіп, эмоцияға беріліп кеткенін өкінішпен атап өтті. Өзбектер мен қарақалпақтар қос тілді ел екенін, еліміздің бірлігі мен тыныштығын бағалау керектігін баса айтты.

Президенти Шавкат Мирзияев Қарақалпақстан Республикасы Жуқорғи Кенгесі депутаттары, Министрлер Кеңесінің басшылары және қоғам өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуде «Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы халықтың ұсыныстары мен пікірлері негізінде жетілдірілетіні тағы да баса айтылды. Бұл жоба Өзбекстан Республикасының референдумына ұсынылып, азаматтар еркін дауыс беру арқылы өз еркін білдіретін болады.

Мұндай көзқарас «Конституцияның бірден-бір бастауы және авторы – халық» деген қағидаға толық сәйкес келеді. Сонда ғана әрбір отандасымыз «Өзбекстанның жаңа Конституциясы – менің Конституциям» деп мақтанышпен айта алады.

Қарақалпақстан халқын тарапынан білдірілген пікірлер ескеріле отырып, Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасы Конституциясының Қарақалпақстан Республикасының құқықтық статусы туралы 70, 71, 72, 74, 75-баптарын өзгеріссіз қалдыруды ұсынды. Жақын күндері Олий Мажлистің заң шығару палатасы бұл мәселені қарайды.

Кездесуде депутаттар мен зиялылар сөз сөйлеп, соңғы жылдарда Қарақалпақстанның әлеуметтік-экономикалық, мәдени-инновациялық дамуы жолында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

Соңғы бес жылда облыстың жергілікті бюджетіне 11 триллион сумға жуық қаржы бөлінді. Тек 2020-жылдың соңына қарай Қарақалпақстанда жан басына шаққандағы жалпы табыс 3 есе өскен.

Соңғы бес жылда құрылыс жұмыстарының көлемі 3,5 есеге артқан. Ондаған жаңа зауыттар, заманауи агрокластерлер, бірлескен кәсіпорындар іске қосылды. Көптеген балабақшалар, мектептер, жоғары оқу орындары, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, спорт нысандары бой көтерді.

Халықты әлеуметтік қорғау бойынша маңызды бағдарламалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «темір кітапқа» енген 65 мың отбасына, бала кезінен мүгедек болып, асыраушысынан айырылған 17 мың отбасына материалдық көмек көрсетілді. Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 2017 жылғы 32 пайыздан 75 пайызға дейін өсті.

«Обод қишлоқ» және «Обод махалла» бағдарламалары аясында Қарақалпақстан Республикасында әлеуметтiк инфраструктураларды дамыту, халықты электр энергиясы, табиғи газ, ауыз сумен қамтамасыз ету, ирригация-мелиоративтік желiлердi жақсарту жөнiнде көп жұмыстар атқарылуда. 

Арал өңірінің экологиялық жүйесін қорғау және қалпына келтіру, өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе, бір кездері шарасыз күйге түскен Мойынақ бүгінде мүлде жаңа кейіпке еніп, қарқынды дамып келе жатқан заманауи аудандардың біріне айналды.

Аралдық аймақты дамыту мәселесі алғаш рет мемлекеттік саясаттың басымдылығына айналды. Теңіздің құрғақ бөлігінде 1 733 000 га аумақта жасыл аймақтар құрылды. Осы аумақтың өсімдік мен хайуанат әлемін қалпына келтірудің бес жылдық ұлттық бағдарламасы әзірленуде.

– Қарақалпақстанда жүзеге асырылып жатқан оң өзгерістер бұдан былай да жалғасын табатыны сөзсіз. Өйткені Қарақалпақстанның тағдыры – Өзбекстанның тағдыры, қарақалпақ халқының бақыты мен амандығы – бүкіл өзбек халқының бақыты мен амандығы, – деді Шавкат Мирзияев.

Жуқорғи Кенгес депутаттары жастарды түрлі арам пиғылды шақырулар мен әрекеттерге алданып қалмауға, олардың құрбанына айналмауға, парасаттылыққа шақырды. Сепаратизм мен жаппай тәртіпсіздікті тудыратын кез келген әрекеттер заң аясында қатаң түрде шешіліп, кінәлілер тиісті жазасын алатыны айтылды.

Болған ос оқиғалар халқымызды және де сергек, сезімтал болуға шақырады. Бүгінгідей қауіпті заманда отандастарымыз арасындағы достық пен ынтымақты нығайту, елімізде тұрақты және тұрақты дамуды қамтамасыз ету, халқымыздың жасампаздық әлеуетін, ертеңгі күнге деген сенімін арттыру өте маңызды. Сонда ғана бүгінгі қауіп-қатерлерге лайықты ден қоюға, қоғамымызда түрлі деструктивті идеяларға қарсы, ең алдымен, жастарымыздың жүрегінде берік иммунитет қалыптастырып, демократиялық реформалар жолынан артқа шегінбей бұдан да тиімді нәтижелерге қол жеткізуге болады.

– Отан – бәріміз үшін бір. Бізді біртұтас, ұлы мақсат біріктіреді. Ол да болса, еліміз тыныштығы, Отанның дамуы, халқымыздың амандығы. Жаңа Өзбекстан мен Жаңа Қарақалпақстанды бәріміз бірге құрамыз, – деді Мемлекет басшысы.

Кездесуден соң Шавкат Мирзияев Нөкіс ауданындағы «Саманбай» ауылының азаматтары жиналысына барып, жастармен, қала әкімінің көмекшілерімен, жастар көшбасшыларымен және белсенді қыз-келіншектермен кездесті.

Мемлекет басшысы Қарақалпақстанда болған үрейлі оқиғаларды халқымыз ауыр күрсіністі азаппен қабылдағанын, бұл сынақты байыптылық және үйлесімділікпен қалдыру керектігін баса айтты.

Азаматтар мұны растап, дана Қарақалпақ халқы өзбек пен қарақалпақ халықтарының ынтымағы мен бірлігіне негізделген қасиетті құндылықтарды алдағы уақытта да қастерлей беретініне сенім білдірді.