French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев БАӘ делегациясын қабылдады
22:10 / 2022-03-24

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 24 наурызда Ташкент халықаралық инвестициялық форумы аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухайл әл-Мазруи бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесу басында жоғары мәртебелі мейман БАӘ Президенті шейх Халифа Әл-Нахаянның, Абу-Даби Әмірлігінің тақ мұрагері, БАӘ Қарулы Күштері Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мухаммад Әл-Нахаянның және Премьер-министр, Дубай әмірі Мұхаммед Әл Нахаянның сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

БАӘ министрі шетелдік бизнестің Өзбекстанға деген зор қызығушылығын тағы бір танытқан Ташкент форумының сәтті өтуімен құттықтады.

Кездесуде бірінші кезекте сауда, инвестиция, инновациялар, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, логистика және көлік салаларындағы жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерге сәйкес практикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды.

«Жасыл» энергетика саласындағы ынтымақтастықтың нәтижелері жоғары бағаланды. Masdar компаниясы Өзбекстанда фотоэлектр және жел электр станцияларын салу бойынша бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыруда.

Инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және басым секторларда жаңа перспективалық жобаларды жүзеге асыру үшін үлкен әлеует бар екені атап өтілді.